Алматыда қыркүйектен бері ЖРВИ-дің 74 мыңнан астам жағдайы тіркелді

4 Қараша 2021, 12:37
926
Бөлісу:
Алматыда қыркүйектен бері ЖРВИ-дің 74 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап қалада ЖРВИ-дің 74 426 жағдайы тіркелген. Былтыр осындай уақытта 17 мыңдай жағдай болған.

Биыл ЖРВИ жағдайының өсуі өткен жылы Алматы мен өзге өңірлерде сақтық шаралары қатаң сақталғанын көрсетеді. Соған байланысты Жіті респираторлық вирустық инфекцияның таралуы төмен болған. Оған қоса ЖРВИ-дің өсуіне адамдардың бір-бірімен байланысының артуы да әсер етіп отыр. Дегенмен, 1 қыркүйектен бері Алматыда тұмау тіркелмеді. Бірақ 13 минингит жағдайы тіркелді, олар негізінен балаларда болды. Сырқаттың жеңіл түрі болғандықтан олар ауруханадан тез емделіп шықты, - деді Байғабылов.

Сонымен қатар ол биылғы оқу жылы басталғалы 2048 оқушы коронавируспен ауырғанын және 1623 сынып карантинге жіберілгенін жеткізді. Оған қоса 32 ЖОО-да 142 студент қауіпті індетті жұқтырған. Ал, 1 қыркүйектен бері бабалбақшада 107 баладан вирус анықталған. 

Балалар вирусты негізінен отбасы жағдайында жұқтырып жатыр. Осы айда Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Оны 12-17 жас аралығындағы балаларға салады. Оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайын болдырмай және қайта-қайта сыныпты карантинге жаппас үшін вакцина салдырған жөн, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы