Алматыда қыркүйек айынан бастап білім беру нысандарын мемлекеттік аттестаттау басталады

7 Шілде 2021, 14:36
2958
Бөлісу:
Алматыда қыркүйек айынан бастап білім беру нысандарын мемлекеттік аттестаттау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жаңа оқу жылынан бастап білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты.

Аттестаттау қаладағы білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда мектеп, балабақша мен колледждердің аттестациясы қайтарылды. 2017 жылдан бастап білім беру мекемелері көшпелі комиссияларды іріктеп бағалады. Енді барлық ұйымдар аттестациядан бес жылда бір рет өтеді. Бұл ретте негізгі жұмыс мекемелердің өздеріне жүктеледі.

Мемлекеттік аттестаттау профилактикалық бақылау нысанына бармай-ақ өткізіледі. Ол мектепке дейінгі ұйымда, мектеп, колледж, әскери және арнайы жоғары оқу орындарында өтеді. Меншік нысаны ведомстволық жүйеге қарамастан мекемелердің барлық түрлерін қамтиды. Мектеп, колледжбен балабақшалар оқушылардың білімін тексеру, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы арқылы іске асады, – деді Алматы қаласы Білім департаментінің басшысы Г. Ермекбаева.

Департамент басшысы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы туралы түсіндірді.

Мекеме ұсынатын білім сапасын өздері талдауы керек. Бұл жүйе өзінің білім беру практикасын жетілдіруде дербестікті ынталандыруға бағытталған. Яғни, мемлекеттік аттестаттауды өткізу өкілеттігі негізінен білім беру ұйымдарына жүктеледі, – деді Ермекбаева.

Білім бөлімдері 4, 9 және 11 сыныптарға қатысты. Бастауыш сынып оқушылары екі пән бойынша, жоғарғы сынып үш және төрт пән бойынша тест тапсырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттердің білімін екі бейіндік пән бойынша тексереді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізіледі.

Бес жыл ішінде барлық балабақша, мектеп пен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл білім беру сапасын жақсартады әрі ұйымдардың дәрежесі артады.

Алматыда 207 мемлекеттік және 67 жеке меншік мектеп, 189 мемлекеттік пен 643 жеке меншік балабақша, 96 колледж, 39 жоғары оқу орны бар. Олардың барлығы аттестациядан өтеді.



Өзгелердің жаңалығы