Алматыда курсанттарға арналған "Сардар" курсы басталды

9 Сәуір 2024, 17:57
511
Бөлісу:
Алматыда курсанттарға арналған "Сардар" курсы басталды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда әскери жоғары білім ордаларының курсанттарына арналған "Сардар" курсы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасымен алғаш рет Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында оқуды аяқтайтын курсанттарға арналған "Сардар" бақылау-кешенді курсы ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылуына Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов, жоғары оқу орнының басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

"Сардар" оқыту курсы көшбасшылық қасиеттерді нығайтуға, нұсқаушы-әдістемелік дағдыларды жетілдіруге, болашақ офицерлердің кәсіби шеберлігі мен күш-қуат деңгейін арттыруға бағытталған. Сендер жүктелген барлық міндеттерді орындайсыңдар, елдің сенімді тірегі боласыңдар деп сенемін, – деп атап өтті курс жетекшісі генерал-майор Асан Жүсіпов.

Сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқару және оларды жауынгерлік қолдану міндеттерін орындауға базалық дайындық барысында білім сапасы мен қажетті дағдыларды игеру тексерілетін болады.

"Сардар" курсы төрт кезеңде өткізіледі. Оқуға 291 оқу сағаты бөлінген. Нормативтерді пысықтау кезінде сабақтардың 30 пайызы түнгі уақытқа жоспарланған.

Курс аяқталғаннан кейін болашақ офицерлер оқытудың негізгі пәндерінен бағдарлама көлемінде кешенді емтихан тапсырады.

Курсанттарға "Сардар" курсын аяқтағаны туралы куәлік беріледі. Құжатқа бағалау ведомостарынан үзінді көшірме қоса беріледі. Бұл деректер курсанттарды Қарулы күштер бөлімшелеріне офицерлік лауазымдарға бөлу кезінде ескерілетін болады.

Курсты сапалы өткізу үшін қажетті оқу-материалдық база дайындалды. Сабақтарды тәжірибелі маман-нұсқаушылар өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы