Алматыда Крещение мейрамында суға түсуге рұқсат етілген орындар анықталды

18 Қаңтар 2024, 21:54
382
Бөлісу:
Алматыда Крещение мейрамында суға түсуге рұқсат етілген орындар анықталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда шомылуға арналған 10 орын анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы ТЖД өкілдері және басқа да жауапты қызмет өкілдері ӨКҚ брифингіне қатысып, ойықта шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтты.

Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Жүсіпов шомылу орындарында ТЖД, Полиция департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Құтқару қызметі, Апаттар медицинасы орталығы, жедел медициналық көмек орталығының 500-ге жуық қызметкерін тарта отырып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылатынын атап өтті.

Брифингке қатысқан Қазақстан Православтық шіркеуінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, протоиерей Александр Суворов суға түсуге рұқсат етілген орындардың тізімін берді:

  1. «Крестовоздвиженский ғибадатханасының шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі (Высоковольтная көшесі, 37б);
  2. Алматы қ. Астана және Алматы епархиясының «Құтқарушы Христ ғибадатханасының шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі (Райымбек даңғылы, 493);
  3. «Қазақстан Православие Шіркеуінің Астана және Алматы Епархиясы» өңірлік діни бірлестігінің филиалы Әулие Николай соборы (Байтұрсынов көшесі, 56/5);
  4. «Богоявленский приход» жергілікті діни ұйымы (Садовников көшесі, 196);
  5. Первомайская кентінің «Астана және Алматы епархиялары Успен ғибадатханасының шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі (Центральная көшесі, 86);
  6. «Астана және Алматы епархиясының ұлы шейіт Параскева ғибадатханасының шіркеуі» жергілікті православтық діни бірлестігі (Жансүгіров көшесі, 500В);
  7. «Астана және Алматы епархиясының «Ивер-Серафимов әйелдер монастыры» жергілікті діни бірлестігі (Хамиди көшесі,30);
  8. Алматы қаласы Астана және Алматы епархиясының «Благовещенский ғибадатханасының шіркеуі» жергілікті православиелік діни бірлестігі (Алатау ш.а, Ибрагимов көшесі, 13);
  9. Астана және Алматы епархиясының «Казанская Құдай анасының құрметіне арнаған шіркеу» жергілікті православиелік діни бірлестігі (Халиуллин көшесі, 45-А);
  10. «Покровско-Всехсвятский приход» жергілікті православиелік діни бірлестігі (Жас пионерлер көшесі, 85-үй).

Қала тұрғындары мен қонақтарына төтенше жағдайларды болдырмау үшін суға түскенде келесі ережелерді еске салған жөн:

- шомылу орындарында өз бетінше және осы мақсатқа арналмаған орындарда суға түсуге болмайды;

- мас күйінде суға түсуге болмайды;

- ашық жерде (мұзда)жабдықталған ойықтың жанында 3 адамнан артық болмауы керек;

- шомылудан бұрын денені жылыту, жүгіру, қозғалыс жасау арқылы жылыту керек;

- дәрігерлер мен құтқарушылар бар жерде суға түскен абзал;

- шомылғаннан кейін сүлгімен сүртініп, құрғақ киім киіп, жылы шай ішкен жақсы.

Естеріңізде болсын, суық суда ұзақ уақыт болған кезде сіңір тартылу мен үсу қаупі бар. Сондай - ақ, суық суға күрт түскен кезде жүрек сыр беруі  мүмкін, - деп еске салды ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы А.Жүсіпов.

Сонымен қатар, қалған су айдындарына, тоғандар мен таулы өзендерге (Үлкен және Кіші Алматы) шомылуға тыйым салынады.

Қазіргі уақытта аталған су айдындарын мұз жапқан, тау өзендеріне жақындау өте тайғақ, суға кірген кезде тайып кетуге, түрлі сынықтар мен жарақаттар алуға болады. Мұз астындағы өзендердің ағысы өте күшті, адамды алып кетуі мүмкін, - деп қосты Жүсіпов.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Быбченко құтқарушылар жабдықталған орындарда шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын екенін айтты. Суға ыңғайлы, таймайтын және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек. Тәуекелдерді азайту үшін құтқарушылар шұңқырға түсу үшін баспалдақтың сенімділігіне көз жеткізуге кеңес береді. 

Өзгелердің жаңалығы