Алматыда коронавирус инфекциясының 38 ошағы анықталды

8 Сәуір 2020, 02:25
1408
Бөлісу:
Алматыда коронавирус инфекциясының 38 ошағы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматыда коронавирустық инфекция ошақтарының тізімі жаңартылды. Бүгінде инфекцияның 38 ошағы анықталды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қалада 16 індет ошағындағы шектеу шаралары алынды.

Өйткені коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзім, яғни инкубациялық кезең аяқталды.

Атап айтқанда, Алатау ауданында – "Заря Восток" шағын ауданы, Сары-ой, 234; Ақкент, 7. шағын ауданы;

Алмалы ауданында – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;

Бостандық ауданында – Тұрғыт Озал көшесі, 242;

Медеу ауданында – Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Достық көшесі, 111;

Жетісу ауданында – Еңлікгүл көшесі, 34а;

Түрксіб ауданында "Алтай-1" шағын ауданы, 8; "Жас қанат" шағын ауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63а; Ғанибет көшесі, 276 мекенжайларында инфекция жұғу қаупі сейілді.

Алматы қаласы тауарлардың сапасы мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 7 сәуірдегі жағдай бойынша қала аумағында коронавирус инфекциясының 38 ошағы бар.

Әуезов ауданында 8 ошақ: "Жетісу-2" шағын ауданы,70а; "Мамыр-4" шағын ауданы,313; "6" шағын ауданы, 35; "1" шағын ауданы,28; "Мамыр-4" шағын ауданы, 54; Афцинао,4; "Ақсай-1", 24; "Мамыр-4", 296.

Алатау ауданында 5 ошақ аймағы: "Ақбұлақ" ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі,190; Рахимов көшесі, 123 бар.

Алмалы ауданында 6 ошақ аймағы: Байзақов көшесі,190; Панфилов көшесі, 85; Байзақов көшесі, 232; Досмұхамедов көшесі, 13; Досмұхамедов көшесі, 8; Байзақов көшесі, 263 бар.

Медеу ауданында 4 ошақ аймағы: Қонаев көшесі, 62; "Самал-3" ықшамауданы, 25; Достық даңғылы,116; Достық даңғылы, 493 бар.

Жетісу ауданында 4 ошақ аймағы: Волочаевский көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; "Құлагер" шағын ауданы, 45; Борзов көшесі,85 бар.

Түрксіб ауданында 3 ошақ аймағы: "Жұлдыз-2" шағын ауданы, 45; "Жұлдыз-1" ықшамауданы,13; "Жас қанат" ықшамауданы 1/53.

Бостандық ауданында 7 ошақ аймағы: Науаи көшесі, 328; Клочков көшесі, 117; Науаи көшесі, 310; "Орбита-1" шағын ауданы,27; Байзақов көшесі, 299а; Темирязев көшесі, 42; "Орбита-4" шағын ауданы, 33 бар.

Наурызбай ауданында 1 ошақ: Береке көшесі-1,97 мекенжайында орналасқан.



Өзгелердің жаңалығы