Алматыда коронавирустың таралуын тоқтату жөнінде кеңес өтті

13 Наурыз 2021, 21:48
1913
Бөлісу:
Алматыда коронавирустың таралуын тоқтату жөнінде кеңес өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында іссапармен жүрген Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов бүгін қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. 

Жиынға СЭБД басшысы Ж.Бекшин, СЭБД басшысының орынбасарлары С.Байғабылов, А.Қалмықова және бөлім басшылары қатысты.

Алматы қаласының Бас санитариялық дәрігері эпидемия басталғаннан бері мегаполисте 26 708 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғанын (100 мың тұрғынға шаққанда 1312,7), сондай-ақ 1 666 науқастан  коронавирус пневмониясы анықталғанын хабарлады. КВИ сырқаттанушылар саны биыл 3 наурыздан артты, осы тұста тәулігіне 121 КВИ жағдайы тіркелді. 11 наурызға қарай тәулігіне 237 жағдайға жетті, өйткені ПТР-тест тапсырғандар саны тәулігіне 5100-ден 6058-ге дейін артты. Алматыда 9 наурызда коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталды.

Кездесу барысында коронавирус індетінің даму динамикасы мен таралу себептеріне талдау жүргізілді, инфекцияның таралуына әсер ететін негізгі факторлар анықталды: отбасында – 36%, ұжымда – 6%, шетелге шыққандар арасында – 2%, қоғамдық орындарға барғандар арасында (коммуналдық объектілер, ХҚКО, сауда объектілері, емханалар мен медициналық орталықтар) – 37%; қоғамдық көлікте жол жүру кезінде – 17%; отбасылық іс – шараларда - 3%.

Қазір Алматы қаласында 32 мониторингтік топ жұмыс істейді. Айта кету керек, санитариялық дәрігерлер мобильді топтардың құрамына кірмейді, әкімшілік жауапкершілікке тарту Алматы қаласы полиция департаментінің материалдары негізінде жүзеге асырылады.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 29238 объектіге рейдтік тексеру жүргізілді, 4946 (17%) объектінің карантиндік шараларды бұзғаны анықталды. Шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 410 593 890 теңгеге 5881 хаттама толтырылды. Сот органдарына 462-бап 3-б., 425-бап 1-б. бойынша 76 талап-арыз материалы берілді.

Жалпы, кездесуде санитариялық қызметті дамыту, пандемия кезінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және жұмысты ұйымдастыру, білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселелері талқыланды.

Жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау жүргізілді. Инфекциялық сырқаттанушылықтың, сальмонеллездің 3,5 есеге, бактериялық тамақтан уланудың 4 есеге, скарлатинаның 3 есеге жуық, серозды менингиттің 2 есеге, желшешектің 4 есеге, А вирустық гепатитінің 5 есеге, эхинококкоздың 2 есеге, тыныс алу органдары туберкулезінің 27,3% - ға, педикулездің 5,3% -ға төмендеген. Ауруханаішілік инфекциялар, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, ботулизм, бруцеллез және басқа да азайған.

Айта кетейік, қазір қаланың жергілікті атқарушы органымен резервтік мамандарды қаржыландыру және компьютер, түрлі-түсті принтерлер мен басқа да ұйымдастыру техникаларын сатып алу бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар қаралды, оның ішінде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттілігі сөз болды.

Өзгелердің жаңалығы