Алматыда көптен күткен қар жауды

27 Желтоқсан 2021, 09:13
1947
Бөлісу:
Алматыда көптен күткен қар жауды

Алматы, BAQ.KZ. 27 желтоқсан күні сағат 02.00-де Алматы қаласының төменгі аудандарында қар жауа бастады. Таңғы сағат 07.00-де 5 см-ге дейін қар түсті.


Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы 1300 тонна материал себілген.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Техниканың шығуы 501 бірлікті құрайды, оның ішінде 195 құмшашқыш және 338 жол жұмысшысы. Таңертеңнен бастап 526 бірлік арнайы техника, 174 құмшашқыш және 1340 жол жұмысшысы шығарылады деп жоспарланған,-делінген хабарламада.

Алматыда көптен күткен қар жауды

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, -2 градус, күннің екінші жартысында одан әрі төмендейді.


 

Өзгелердің жаңалығы