Алматыда көпбалалы отбасы өрт дабылының арқасында аман қалды

Үйде орнатылған өрт дабылы іске қосылған.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 19:49
Бүгiн 2026, 19:49
98
Фото: pixabay.com

Алматы қаласы ТЖД пультіне Новгородская көшесіндегі көпбалалы отбасының үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Араға небәрі 5 минут салып өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Сол сәтте төбедегі жабын жанып жатқан. Жеңіл тұтанатын материалдардан салынған барақ үлгісіндегі үй санаулы секундта лап ете қалуы мүмкін еді, сондықтан бүкіл отбасы үшін қауіп шынайы болған.

Шешуші рөлді 2025 жылдың қазан айында құтқарушылар орнатқан өрт датчигі атқарды. Дәл осы құрылғы тұрғындарды оятып, өрт сөндірушілерді дер кезінде шақыруға мүмкіндік берген. Соның арқасында жалын өте қысқа уақытта оқшауланды.

Алматы қаласы ТЖД аға инженері Ринат Құсайынов атап өткендей, бұған дейін ол әкімдік пен газ қызметі өкілдерімен бірге осы отбасының үйіне барып, датчик орнатып, қауіпсіздік бойынша нұсқаулық жүргізген. Соның арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Наверх