Алматыда қонақ үй басшылығы жезөкшелер ошағын ұйымдастырған

14 Қараша 2020, 14:17
1801
Бөлісу:
Алматыда қонақ үй басшылығы жезөкшелер ошағын ұйымдастырған

Алматы, BAQ.KZ.  Өткен түнде Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген түнгі рейд барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданы аумағында орналасқан қонақ үй кешенінде жезөкшелікпен айналысатын 7 бойжеткен анықталды. 

Тексеру барысында ұсталған қыздардың бірі көрші Өзбекстан азаматы екені анықталған.

Жедел уәкілдер жедел–іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аталған қонақ үйде осы мекеменің әкімшісі мен жезөкшелікпен айналысатын жеті бойжеткенді анықтады. Тексеру барысында жеңіл жүрісті қыздардың біреуінің ҚР көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген Өзбек елінің азаматшасы екені, қалған алты қыздың еліміздің азаматшалары екендіктері белгілі болды. Таяу күндері Өзбекстан Республикасының азаматшасы сот шешімімен ел аумағынан шығарылады,-дейді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталған барлық азаматша полицияға жеткізіліп, олардың қандай-да бір құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығы тексерілген. Ал қонақ үйді жезөкшелер ошағына айналдырған мекеме басшылығына қатысты тиісті шара қолданылмақ.

Өзгелердің жаңалығы