Алматыда комиссия мүшелері түсініктеме берді

5 Маусым 2022, 18:10
1705
Бөлісу:
Алматыда комиссия мүшелері түсініктеме берді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова брифинг барысында бюллетеньдерді лақтыру бейнеленген видеоға қатысты түсініктеме берді.

Жанна Асанованың айтуынша, аталған жайтты анықтау  үшін учаскелік комиссия мүшелері міндеттерінен шеттетілген.

Бүгін  учаскедегі бұзушылыққа қатысты жаряланым болды. Видеода бюллетеньдер лақтырылған деп болжанған. Референдум заң нормаларын қатаң сақтауға негізделген. Процедуралардың бұзылуына ешқандай жол берілмейді. Біз болған жайтты толық анықтау үшін учаскелік комиссия мүшелерін міндеттерінен шеттету туралы шешім қабылдадық. Өйткені, бізде және жоғары тұрған комиссияда видеоның негізінде іс-әрекеттерді бағалау бойынша  өкілеттік жоқ. Учаскелік комиссия мүшелерімен сөйлескен кезде олар лақтыру фактісін жоққа шығарады,-деді ол.

 

Сонымен қатар ол урнаны мөрлеп, дауыс беруді басқа, стационарлық урнамен жалғастыру туралы шешім қабылдағандарын жеткізді.

Бюллетеньдер лақтырылған урнадағы  барлық бюллетеньдер жарамсыз деп танылады, лақтырылғанға дейін онда  бюллетеньдер болса да, өкінішке орай,  санаған кезде есепке  алынбайды.  Болған жағдайдың заңдылығына  құқық қорғау органдары мен ОСК баға беретін болады. Өйткені нәтижелерді жою, тоқтата тұру туралы мәселе тек ОСК құзыретіне жатады. Құжаттарды сол жерге береміз,-деді Асанова.
 

Өзгелердің жаңалығы