Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

31 Қаңтар 2023, 09:11
2570
Бөлісу:
Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті
Фото: Sputnik

Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды деп хабарлады,деп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 30 қаңтарда Алматы – Өскемен тасжолының 54 шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысқан.

Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы