Алматыда ХҚКО жұмыс кестесін өзгертті

16 Маусым 2020, 13:19
1166
Бөлісу:
Алматыда ХҚКО жұмыс кестесін өзгертті

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 02.06.2020 ж. № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 15 маусымдағы N 40 қаулысына сәйкес Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.


Қаладағы барлық  Халыққа қызмет көрсету  орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды. 

Осыған байланысты Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 15.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады.
Өзгелердің жаңалығы