Алматыда кеше 6,5 мың адам вакцина алды

5 Сәуір 2021, 11:08
1451
Бөлісу:
Алматыда кеше 6,5 мың адам вакцина алды

Алматы, BAQ.KZ. 4 сәуір күні Алматыда 6 664 адам «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Ал 1 ақпаннан бері жалпы вакцина алғандар саны - 23 799 адам. 

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Басқарманың мәліметінше, қаладағы эпидемиалогиялық ахуал күрделі. 

4 сәуір күні қалада вирус жұқтырған 611 адам тіркелген, оның 519-ы симптом белгісімен, 92-сі симптомсыз.

Инфекциялық стационарда 5 610 төсек-орны бар, қазір онда 3 263 науқас жатыр. Оның 103-і бала, өте ауыр жағдайда жатқан науқастар саны – 67, ауыр жағдайда – 638, орташа ауыр жағдайда – 2 558 науқас бар. 

Ауруханадан 89 науқас жазылып шықса, жаңадан 276 адам түсті,-делінген хабарламада. Сондай-ақ мың орынға есептеліп ашылған Халық арена кешенінде 42 науқас жатқаны айтылады. Оған қоса карантиндік оқшаулау үшін ашылған «Премьер Алатау» қонақүйінде -10, «Astana Inter hotel Almaty» қонақүйінде – 5 адам жатыр.

Өзгелердің жаңалығы