Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

2 Қараша 2024, 10:12
402
Бөлісу:
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото: gov.kz

2-3 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.
Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Өнімнің жалпы көлемі 345 тонна құрайды, оның ішінде:
* Ет өнімі – 70 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;
* Сүт өнімі – 80 тонна;
* Балық өнімдері – 5 тонна;
* Өзге өнімдер – 90 тонна.
*
Жәрмеңке өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Құрметті көлік иелері!

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 1 қараша сағат 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.

Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы