Алматыда Түрксіб аудандық соты пробация қызметінің бұған дейін алаяқтық үшін сотталған А. Әпсейітовке қатысты шартты жазаны нақты жазаға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, шешім азаматтың пробациялық бақылау шарттарын бірнеше рет бұзуы себепті қабылданды.
Соттың дерегі бойныша сотталушы бірнеше рет шартты бұзған: уәкілетті органды хабардар етпестен әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерлерге барған, ойын-сауық жиындарына қатысып, өзін «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы» КММ төрағасының кеңесшісімін деп таныстырған. Қазақстан Республикасының құрметті азаматы екендігін айтып, телеарналарға сұхбат берген, - деп атап өтті соттың баспасөз қызметінен.
Бұған дейін, 2023 жылдың 2 қарашасында Алматы қаласының Әуезов аудандық соты А. Әлпейісовті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бап 2-тармағының 4-бөлімі бойынша (Алаяқтық) кінәлі деп танып, шартты түрде бес жылға соттаған.
Айқындалған құқық бұзушылықтарды ескере отырып, сот шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстыру туралы қаулы етті. Жазаны өтеу 2024 жылдың 4 қарашасынан басталады.