Алматыда кәріз қақпағын ұрлайтындар ұсталды

31 Желтоқсан 2021, 21:12
1304
Бөлісу:
Алматыда кәріз қақпағын ұрлайтындар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда полицейлер кәріз қақпақтарын ұрлау фактілерін ашты. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қақпақтарды ұрлаудың төрт эпизодына Алматы облысының үш тумасының қатысы бар болып шықты. Ұсталғандардың ең кішісі 25-те, ең үлкені – 33 жаста.

Осы қылмыстардың бірін жасау барысында қаскөйлер бейнебақылау камерасының обьективіне түсіп қалған. Олар ұсталды. Жастар істеген істерін мойындап, ақша табудың жақсы жолын ойлап тапқандарын айтты: ломмен және ыңғайлы заттармен қаруланып, кәріз қақпақтарын ұрлап келген. Олар не істейтін рөлдерін өзара бөліп алған: біреуі жүргізуші, ол қауіпсіздікке жауап беріп, қауіп туралы ескертіп отырған, тағы екеуі кәріз қақпақтарын шешіп алған. Ұрланған қақпақтарды сыбайластар металл қабылдау пунктіне тапсырып, түскен ақшаны бөліп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қалған кәріз қақпақтары тәркіленді және қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін олар бастапқы орындарына қайтарылады. Күдіктілерге қатысты ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілердің жеке басы жалпы қала бойынша осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы