Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

19 Ақпан 2021, 22:17
1316
Бөлісу:
Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды. 

Құжатқа сәйкес, балалар кабинеттерінің, түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі. Топтағы адам саны 15-тен аспауы керек. 

Сондай-ақ, толымдылығы 50 адамнан аспайтындай мәдени нысандар мен концерт залдарының (дайындық) қызметіне рұқсат берілді: театрларда, кинотеатрларда көрермендер залының толымдылығы 30% аспауы тиіс. 

Ал хайуанаттар бағында маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты қатаң ұстану қажет.


Өзгелердің жаңалығы