Алматыда қар көшкіні қаупі сақталып отыр – ТЖД

28 Наурыз 2021, 12:34
2153
Бөлісу:
Алматыда қар көшкіні қаупі сақталып отыр – ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынды. Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, - делінген хабарламада.

Осыған орай ТЖД қауіпсіздік бойынша нұсқаулық берді: 

- Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды;
- Тауда жүру кезінде ауа райын бақылап отыру қажет;
- Қар көшкініне тап болған жағдайда қауіпсіз жерге өтуге тырысу керек;
- Қар құрсауына тап болған жағдайда мұрын мен ауызды қолмен не бөкебаймен жауып, шетке қарай ақырын қозғалу қажет;
- «112» немесе «109» нөмірлеріне хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы