Алматыда қантқа белгіленген шекті баға наурыздың соңына дейін сақталады

30 Қаңтар 2021, 12:08
1620
Бөлісу:
Алматыда қантқа белгіленген шекті баға наурыздың  соңына дейін сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қантқа белгіленген шекті баға тағы да 2 айға ұзартылады.

Алматы  қаласының әкімдігі экономикалық және әлеуметтік пайдалылықты ескере отырып, бағаны ұстап тұру жөніндегі қалалық Комиссия ұсынымының негізінде қантқа-құмшекерге бір келісі үшін 254 теңге мөлшерінде белгіленген шекті қол жетімді бөлшек бағасының қолданылу мерзімін 30 күнтізбелік күннен 90 күнтізбелік күнге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 

Тиісті қаулы 2021 жылғы 30 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бағалардың сақталуының бақылауын Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жүзеге асыратын болады. Аталған іс-әрекеттер бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, бұзушылық 100 айлық есептік көрсеткіштен  (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.

Естеріңізге салайық, қалада қантқа белгіленген шекті баға 2020 жылғы 30 желтоқсаннан бастап енгізілді. Аталған шаралар нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыру және сатушылардың бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеу мақсатында жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы