Алматыда қандай жол айырықтары салынып жатыр?

5 Қаңтар 2021, 18:39
2214
Бөлісу:
Алматыда қандай жол айырықтары салынып жатыр?

Алматы, BAQ.KZ. Қалалық Мобильділік басқармасында ең ауқымды жол жобаларының аяқталу мерзімі туралы айтылды.

Қазір Алматыда үш ірі жол айырығының құрылысы жалғасуда. Олар Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында, Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі және Құлжа трактісі бар Бұқтырма көшелеріндегі құрылыс. Әкімдік хабарлағандай, барлық жол айырықтары бойынша жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.

Сейфуллин-Жансүгіров көшесіндегі тағы бір жол айырығын 2022 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Алматыда екі ірі магистралды тесу жұмыстары жалғасуда. Олар - Абай даңғылы Әуезов көшесінен Қалқаман көшесіне дейін, ұзындығы үш шақырымды және Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі аралық.

Жер сатып алу және құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау кезінде Абай даңғылын тесуді 2021 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Жер учаскелерін уақытылы алып қою (сатып алу) және бюджет қаражатын бөлу кезінде Саин көшесін тесу жұмыстарын аяқтау мерзімі 2022 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Осы жылдың ақпан айында қаладағы көшелерді орташа жөндеу бойынша тізім жасалады.



Өзгелердің жаңалығы