Алматыда кальян, шылым шегуге рұқсат берген мекемелер жауапқа тартылды

7 Шілде 2022, 11:41
1648
Бөлісу:
Алматыда кальян, шылым шегуге рұқсат берген мекемелер жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ойын-сауық мекемелері мен мейрамханаларды тексеру жүріп жатыр. Алматы полициясы келушілерге темекі мен кальян шегуге рұқсат берген мекемелер жауапқа тарытлғанын мәлімдеді.

Қаланың ойын-сауық мекемелерінде кальянды қолдану бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шара аясында аудандық бөлімшелерге қарасты ЖПҚБ УПИ қызметкерлері, қоғамдық көмекшілер мен «Темекісіз Алматы» коалициясының өкілдері түнгі уақытта жазғы кафелер, барлар мен мейрамханаларды тексерді.

Тәулік ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы (Темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша 32 заң бұзушылық анықталды. 35 мекеме иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Бұл шара Алматы қаласының барлық жазғы мекемелерінде кальянды тұтынуды тоқтатуға оң серпін алғанша жалғасады, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ бастығы Ержан Ұзабаев.
 

Өзгелердің жаңалығы