Алматыда күріш пен ұн қымбаттап кетті

27 Шілде 2019, 12:13
2328
Бөлісу:
Алматыда күріш пен ұн қымбаттап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде әлеуметтік азық-түліктің кейбір түрлері қымбаттап кетті. Мәселен, Алматыда күріш пен ұнның бағасы көтерілген. Бұл жайында Алматы қаласы Кәсіпкерлік басқармасындағылар айтты. Бұл туралы Алматы телеарнасында хабарланды.

Мамандар бағаның көтерілуін аталған азықтарды эскпорттаудың жоғарылауымен байланыстырады. Соның салдарынан жергілікті нарықта оның бағасы көтерілген, оның үстіне сатушылар да үстеме баға қосып отыр.

«Қазір сатылымға өткен жылғы науқанның өнімдері шығарылуда, сондықтан күріш пен ұнды қоймадан жеткізіліп отыр. Күзге қарай олардың бағасы түсу керек», - дейді сатушы Асылбек Оспанов.

Сонымен қатар, елімізге сырттан әкелінетінжеміс-жидек пен көкөністердің де бағасы шарықтаған. Сырттан әкелінетін болғандықтан оның бағасын нарық өзі реттеп отыратын көрінеді. Осы жазда әсіресе шабдалы, шие мен жүзімдердің бағасы өскен.

Өзгелердің жаңалығы