Алматыда ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцина салынады

25 Мамыр 2022, 12:15
2746
Бөлісу:
Алматыда ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцина салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы «Қалалық ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК басшысы Әдіс Сейдақматов ӨКҚ алаңында өткен брифингте үй жануарларын есепке алу және профилактикалық іс-шараларын жүргізу жөнінде айтып берді.

Ә.Сейдақматовтың айтуынша, қазір қалада қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеу жүйесін енгізу жүріп жатыр.

Қала аумағында қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтау, сондай-ақ аса қауіпті, оның ішінде, адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жыл сайын құтыруға қарсы вакцинация мен эхинококкозға қарсы гельминтсіздендіруді көздейтін алдын алу   іс-шараларын жүргізіліп отырады екен. 2022 жылға құтыруға қарсы 36000 бас ит пен 8000 мысыққа вакцинация егу жоспарланған.

Құтыру вирусы табиғи-ошақты өлімге әкеліп соғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру  жануар қауып алған кезде, оның сілекейі арқылы жұғады. Сонан соң нерв жолдары арқылы тарала отырып, вирус сілекей бездеріне, ми қыртысының жүйке жасушаларына, гиппокампқа, бульбар орталығына жетеді де, оларды зақымдай отырып, өлімге әкеліп соғатын ауыр бұзушылықтарды тудырады. Осыған байланысты, аталған аурудың алдын алу жұмысы қала билігінің ерекше бақылауында. Соңғы отыз алты жыл ішінде Алматы қаласының аумағында адамдардың құтыру ауруын жұқтырған жайттары анықталмады, бұл құтыруға қарсы жүргізілген алдын алу іс-шараларының тиімділігін білдіреді,-дейді Сейдақматов.

Сонымен қатар ол ит қауып алған жағдайда, құтыруға қарсы көмек алу үшін жедел түрде жақын арадағы жарақат пунктіне жүгіну қажеттігін айтты. Әрі қарай жануарды құтыру ауруының бар-жоғына бақылау жасау үшін орналастыру қажет.

Сондай-ақ ол эхинококкоздың алдын алу шеңберінде 44 000 үй жануарын, яғни 36 000 ит пен 8000 мысықты гельминтсіздендіру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Эхинококкоз – бұл бауырда, өкпеде немесе басқа да органдар мен терілерде паразиттік кисталардың пайда болуымен сипатталатын цестодоз тобының гельминтозы. Қоздырушысы Echinococcus granulosus эхинокогының өсетін, дамитын және адам организмінде ондаған жылдар бойы өмір сүретін личинкалық кезеңі болып табылады, ол іші сұйықтыққа толған дөңгелек немесе сопақ киста түрінде болады,-деді маман.

Инвазияның негізгі көзі – иттер, сондай-ақ ауылшаруашылығы жануарлары – шошқалар, сиырлар, жылқылар және тағы басқа жануарлар екен. Жетілген жұмыртқалар жануарлардың нәжістерімен бөлінеді, сөйтіп олардың жүндері мен қоршаған ортаны ластайды. Адамның ауруды жұқтыруы ауру жануармен байланыста болған кезде, яғни жемістер мен шөптерді жинау, гельминт көздерінің жұмыртқаларымен ластанған суды пайдалану кезінде болады.

Алдын алу іс-шараларын жүргізуге арналған препараттар өтеусіз негізде Республикалық меншіктен келіп түседі.

Алматы қаласының аумағындағы үй жануарларының есебін жүргізу мақсатында, тегін чиптеу бағдарламасы іске қосылды. 15 000 ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр. Барлық деректер жануарлардың қолданыстағы Pet Control тізіліміне енгізілетін болады, онда қазіргі уақытта 136 246 үй жануары тіркелген,-деді  Әдіс Сейдақматов.
 

Өзгелердің жаңалығы