Алматыда іші үлкейіп еткен адамға ота жасалды

9 Қаңтар 2024, 18:16
1614
Бөлісу:
Алматыда іші үлкейіп еткен адамға ота жасалды
Фото: № 7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы

Алматылық хирургтер «қабынған шемен» кіндігі сыртқа шығып тұрған үлкен көлемді іші бар ер адамға ота жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

№ 7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының 64 жасар пациентіне анатомиялық және физиологиялық функционалдық тәсілмен ота жасалды. Ер адамға «Ұйқы безінің жалған кистасы» диагнозы қойылған. Сондай-ақ МӘМС шеңберінде емдеуге жатқызу бюросы порталы бойынша жоспарлы операциялық емдеуге жіберілді.

Пациентке ота жасаған көп жылдық тәжірибесі бар хирург Манас Рамазанов отаға тыңғылықты дайындықты қажет ететінін атап өтті.

Алдын ала дайындықтан кейін пациент отаға алынды. Төрт сағаттық күрделі операция жасалды. Біз жылауық қуысын асқазанға жалғадық. Ұйқы безінің жалған кистасының кезінде кистаны дәстүрлі алып тастаумен жоюға болмайды, өйткені киста ұйқы безімен қосылған және үнемі ферменттер бөледі. Бұл жағдайда біз кистаны асқазанның артқы қабырғасымен байланыстырдық, осылайша киста сұйықтық жиналмай асқазан-ішек жолына түсуіне мүмкіндік бердік. Сонымен қатар, ұйқы безінің жалған кистаны байланысты науқаста операция кезінде қосымша қиындықтар тудыратын қабынған шемен бар. Барлық техникалық қиындықтарға және өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ота жоспар бойынша тиісті деңгейде орындалды, ал отадан кейінгі кезең асқынусыз біркелкі өтті, – дейді № 7 ҚКА директоры Манас Рамазанов.

Тәжірибелі хирургтың жетекшілігімен науқас аурудың ауыр клиникалық көріністерінен, барлық асқынулар мен қауіптерден арылды. Дәрігерлер өз жұмыстарын керемет орындап, пациентке одан әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы