Алматыда өңірлік кеңестің сайлау қорытындысы жарияланды

13 Желтоқсан 2019, 22:54
2656
Бөлісу:
Алматыда өңірлік кеңестің сайлау қорытындысы жарияланды

Алматы, BAQ.KZ. Республика бойынша алғашқы рет Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кандидаттарды сайлау өтті.

Дауыс беру 25-30 қараша аралығында онлайн түрде vote.atameken.kz сайттында, сондай-ақ 14 сайлау учаскесінде офлайн негізінде өткен. 

Дауыс беру кезеңіне 135 кандидат ұсынылған, оның ішінде 78 кәсіпкер (57,8%) – онлайн, ал 57 (42,2%) – офлайн арқылы өтінімдерін берген.

Кандидаттардың жалпы санынан 15,6% – өнеркәсіп саласы, 30,4% – қызмет көрсету, 15,6% – сауда, 4,4% – IT және байланыс, 2,9% – көлік және логистика, 3,7% – әлеуметтік сала, 7,4% – құрылыс және құрылыс материалдары, 20% – бірлестік өкілдері болды.

Дауыс беруге Алматы қаласынан 29559 кәсіпкер қатысты, оның ішінде 15474 кәсіпкер (52,3%) – онлайн, 14085 кәсіпкер (47,7%)  – офлайн арқылы дауыс берді. Дауыс беру нәтижелері бойынша "Атамекен" ҰКП квотасына сәйкес, ең көп дауыс өнеркәсіп, қызметтер, сауда саласы, көлік және логистика, IT және байланыс, құрылыс және құрылыс материалдары және әлеуметтік сала болды, - делінген хабарламада.

Өңірлік кеңестің құрамын "Атамекен" ҚР ҰКП төралқасы бекіткен. Үміткерлердің 8-і  – ірі кәсіпкерлік субъектілері, 10 – орта бизнес өкілдері, 4 – шағын бизнестен, 8 – бірлестіктер қатарынан таңдалған.

Біз Алматы кәсіпкерлеріне белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз, өңірлік кеңесте тек 30 орын ғана болғаны өте өкінішті. Қалған барлық кандидаттардың белсенді ұстанымдары мен бизнестегі мол тәжірибелерін ескере отырып, алдағы уақытта Кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кеңестің салалық комитеттеріне және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне қатыса алатын болады. Сонымен қатар, олардың барлығы өңірлік кеңестің резервінде тұрады және өңірлік кеңестің құрамы өзгерген жағдайда Кеңестің бос орындарына бірінші болып шақырылатын болады, – дейді сайлау комиссиясының төрағасы және өңірлік кеңестің бұрынғы төрағасы Юрий Тілеумұратов.

Өзгелердің жаңалығы