Алматыда ірі жолайрығы іске қосылды

14 Желтоқсан 2021, 17:00
1167
Бөлісу:
Алматыда ірі жолайрығы іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары барысында Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық бойымен көлік қозғалысы іске қосылды.

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы 186 метрді құрайды. Оның құрылысы осы аймақта орналасқан құрылыс иелерімен болған сот процестеріне байланысты кешіктірілді.

Бұрындары жекелеген бүйірлік съездері бойынша қозғалыс ашылған болатын. Жолайрығы Рысқұлов даңғылы бойымен жүретін көліктерді өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойымен – 40 мыңға дейін арттырады.

Хабарланғандай, биыл Алматының 274 көшесіндегі жаңа жолдардың ұзындығы 415 көшенің 108 шақырымын құрайды. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен 7 шақырым веложол салу жұмыстары аяқталды.

Бұған дейін Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықта Құлжа трактісі бойынша екі бағытта көлік қозғалысы ұйымдастырылған болатын. Бұдан басқа, съездер бойынша Бұқтырма көшесінен Құлжа трактісіне шығысқа қарай, сондай-ақ Құлжа трактісі бойымен Бұқтырма көшесіне съезд арқылы, бұрылу алаңына өтпестен қозғалыс ашылды.

Өзгелердің жаңалығы