Алматыда ірі көлемдегі есірткі саудасының жолы кесілді

Тексеру нәтижесінде күдіктінің бұған дейін де есірткі қылмысы үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

6 Қыркүйек 2026, 22:09
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 6 Қыркүйек 2026, 22:09
6 Қыркүйек 2026, 22:09
228
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы қаласында полиция ірі көлемдегі есірткі саудасының жолын кесті.

Жетісу ауданында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп арнайы операция жүргізіп, есірткі сатып алған ер адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат – марихуана.

Жедел іс-шара барысында аталған есірткіні өткізді деген күдікке ілінген тағы бір азамат қолға түсті. Оның үйін тінту кезінде құрамында есірткі заты бар 1,5 келіден астам зат тәркіленді.

Тексеру нәтижесінде күдіктінің бұған дейін де есірткі қылмысы үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция есірткінің жеткізілу және өткізілу арналарын, сондай-ақ күдіктінің ықтимал сыбайластарын анықтап жатыр.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх