Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы қамауға алынды

13 Шілде 2021, 15:23
2331
Бөлісу:
Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы қамауға алынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының полициясы қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша 1971 жылы туған азаматты ұстағандарын мәлімдеді.

ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD technology» ЖШС, «MUDARABAH CAPITAL» ЖШС және «MUSHARAKAH CAPITAL» ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде, Алматы қаласының полициясы «ACD Tehnology» негізін қалаушы, 1971 жылы туған М. есімді азаматтың ұсталғандығын хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, басты тұлға – К. есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Кейінірек тағы екі күдікті – Р. есімді азаматша мен М. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілері жүргізуде. Жоғарыда аталған ЖШС жұмысшыларының қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар бізге мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 777 025 65 86 және 8 701 624 28 24, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Өзгелердің жаңалығы