Алматыда интернет арқылы танысып, адамдарды тонаған қылмыстық топтар ұсталды

Полиция интернеттегі қарапайым хат алмасудың артында алдын ала жоспарланған қылмыс тұруы мүмкін екенін ескертеді. 

 BAQ.KZ архиві 13 Қазан 2026, 08:11
13 Қазан 2026, 08:11
194
Фото: BAQ.KZ архиві

Интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келіскен жігіт пәтерге барады. Алайда көп ұзамай ол жерге өзін қыздың ағалары ретінде таныстырған бірнеше адам келеді. Олар жігітті қорқытып, ақша талап етіп, тонайды. Осылайша романтикалық кездесу алдын ала жоспарланған қылмыстың тұзағына айналады.

Алматыда осындай тәсілмен адамдарды тонаумен айналысқан бірнеше қылмыстық топ әшкереленді. Жыл басынан бері төрт топ анықталып, олардың мүшелері ұсталып, сотталған. Соған қарамастан, осыған ұқсас жаңа қылмыс деректері де тіркеліп отыр.

Полиция интернеттегі қарапайым хат алмасудың артында алдын ала жоспарланған қылмыс тұруы мүмкін екенін ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды бейтаныс адамдармен кездескенде сақ болуға, күмәнді жағдайларда қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға шақырады. Қауіп төнген жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх