Алматыда тағы бір инфекциялық клиника салынады

23 Шілде 2020, 11:43
1566
Бөлісу:
Алматыда тағы бір инфекциялық клиника салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эифрінде күзге қарай мегаполисте коронавирусты емдеуге арналған тағы 1000 орын әзірленетінін айтты.

Қала басшысы коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін медициналық күшті арттыру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Бұған дейін ЖЭО маңында модульді жұқпалы клиниканы салған едік, енді тағы қысқа мерзімде тағы сондай клиниканы салу шешімі қабылданды. Оған қажетті қаражатты біз таптық. Қазір мамандармен, бас дәрігерлермен ол клиниканы қай жерге салу мәселесін талқылап жатырмыз. Оны көпсалалы аурухананың немесе жұмыс істеп тұрған модульді клиниканың жанынан салу жөнінде пікірлер айтылып жатыр. Бүгін тағы жиналыс болады, сол жерде нақты шешім қабылдап, оны қыркүйектің 10-17 дейін тапсыруымыз керек, - деді Бақытжан Сағынтаев.  

Сонымен қатар, Сағынтаевтың айтуынша, түркиялық құрылыс компаниясы 2 қонақ үйді клиника етіп жабдықтауға дайын екендіктерін жеткізіпті. Тек ол үшін лицензия қажет екен.

Біз кеше келісімге келдік, оларға қажетті шешім беріледі. Екі қонақ үйдің базасында 215 орынды ковидті клиника пайда болады, - деді әкім.
Бұған дейін Алматы әкімі қаладағы коронавирусқа қатысты ахуалды айтып берген болатын.
Өзгелердің жаңалығы