Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті

28 Ақпан 2024, 12:01
1218
Бөлісу:
Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті
PHOTO
Фото: автордан

Халықаралық форумға Германия, Италия, Қазақстан, Корея, АҚШ, Түркия және басқа да елдердің индустриялық құрылыс саласының сарапшылары мен белгілі практиктері қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Форум барысында құрылыс қызметінің түрлі бағыттары бойынша пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастар өтіп, құрылысты дамытудың ең өзекті міндеттері талқыланды.

Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті

Алматыда екінші жыл қатарынан индустриялық құрылыс саласының ең маңызды жиыны өтіп жатқанына қуаныштымыз. Бүгінгі күні қаламыз әлемнің түкпір-түкпірінен келген индустриялық құрылыс саласының сарапшылар үшін ортақ алаңға айналып отыр. Форум даму перспективаларын құру, тәжірибе алмасу, білім алу, құрылыс саласындағы сарапшылармен серіктестік байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылды. 23 қаңтарда Алматыда кішігірім сейсмикалық сынақ өтті деуге болады. Мемлекет басшысы бұл оқиғадан кейін Үкімет және басқа да мекемелерге сеймсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бөлек транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге байланысты біршама тапсырма берді. Өйткені қандай да бір төтенше жағдай орын алатын болса, оның салдарымен күресу үшін транспорттық инфрақұрылымның маңызы жоғары, - деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кулбаев. 

Сондай-ақ қатысушылар өнеркәсіптік және коммерциялық ғимараттар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары) және инфрақұрылым объектілері үшін қолданылатын құрама бетонның құрылыс жүйелерін қолдану, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды тақырыптарда пікір алмасты.

Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті
Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті
Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті
Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті
Алматыда "Индустриялық құрылыс" халықаралық форумы өтті
Өзгелердің жаңалығы