Алматыда ХҚКО-лар халықты алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайтын болды

24 Наурыз 2021, 14:38
2174
Бөлісу:
Алматыда ХҚКО-лар халықты алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайтын болды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, Алматы қаласының ХҚКО-лары 25 наурыздан бастап клиенттерді тек алдын ала жазылу бойынша сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін қабылдайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы хабарлады.

Кезекке egov.kz порталы, egov mobile, телеграм-бот egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) қосымшалары арқылы онлайн, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тапсырыс беруге болады.

Қызмет алушы броньдау кезінде өзінің жеке деректерін көрсетіп, өңірді, ХҚО бөлімін, келу уақыты мен күнін таңдау қажет.

Алматылықтар броньдау кезінде егер көп балалы отбасылар, зейнеткерлер немесе мүгедектігі бар адамдар санатына жататын болса, жеңілдік терезесін көрсете алады. Сондай-ақ, егер ХҚО-да бір уақытта бірнеше мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу қажет болса, көтерме терезені таңдауға болады. Азаматтарға арналған үкіметтің филиалы ХҚО-ға брондалған уақыттан 10-15 минут бұрын келуді және барлық санитарлық талаптарды сақтауды ұсынады. Санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша сенбі күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді,-делінген хабарламада.

Қала тұрғындары бөлімдерге келесі мекенжайлар бойынша хабарласа алады:

Алматы қаласы Алмалы аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Байзақов к-сі, 174
Алматы қаласы Бостандық аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Алмагүл шағынауданы, 9А
Алматы қаласы Әуезов аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Жандосов көшесі, 51
Алматы қаласы Медеу аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы,
Марков к-сі, 44
Алматы қаласы Алатау аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы,
Нұркент шағынауданы, 5 к16-19
Алматы қаласы Алатау аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, 
№2 бөлім, Бенберин, 89
Алматы қаласы Түрксіб аудандық Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы,
Рихарда Зорге, 9
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Көші-қон бөлімі
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, ш / а Шұғыла, 347/1
Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №1 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Ақ-Қайнар к-сі, 1
Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №2 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Майлин к-сі, 85
Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №3 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Серіков к-сі, 6а
Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №5 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Semirechye, Қайрат шағынауданы, 181-182 к2
Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған №6 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Ақсуат к-сі, 118
Алматы қаласы Автокөлік  жүргізушілеріне арналған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, AVTODOM СО, Сәтпаев к-сі, 90/21

Өзгелердің жаңалығы