Алматыда хирургтар 15 жасар жасөспірімнің кеудесіндегі өскінді алып тастады

31 Желтоқсан 2022, 11:31
1339
Бөлісу:
Алматыда  хирургтар 15 жасар жасөспірімнің кеудесіндегі өскінді алып тастады

Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухана  дәрігерлері 15 жасар қыздың кеуде қуысына операция жасады. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Науқастың айтуынша, соңғы бір жылда қақырық шығуы қиындап, жөтел мазалаған. Дәрігерлер тағайындалған антибиотиктер курсы да нәтиже бермеген соң оны қосымша тексеруге жіберген. Флюорография мен кеуде қуысына жасалған компьютерлік томография сол жақта алдыңғы медиастина түзілгенін көрсетіп берді. Торакальды хирургтар алдын-ала кеңесе келе пациентті №1 аурухананың торакальды хирургия орталығына жоспарлы түрде жатқызу туралы шешім қабылдады.

Торакальды хирургия орталығының меңгерушісі Нұрлан Жарылқапов, операциялық блок меңгерушісінің міндетін атқарушы Мұқтар Нысанбай, анестезиолог-реаниматолог Арман Алпысбаевтың қатысуымен жүрек пен күретамырларған жақын орналасқан өскін алып тасталды. Екі сағаттық ота сәтті өтті. Операциядан кейінгі кезең ерекшеліктерсіз өтті. Кәсіби түрде жасалған хирургиялық араласудың арқасында жас пациент ауырсынудан да, әлсірететін жөтелден де құтылды.

Аурухана ең заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған, бұл тіпті кеуде органдарында кездесетін өте күрделі жағдайларда да нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Операциялық блок меңгерушісінің міндетін атқарушы Мұқтар Нысанбайдың айтуынша, торакальды хирургия орталығында кеуде қуысына, өкпенің, трахеяның, медиастинаның, өңештің, сүт безінің қатерсіз ісігіне, сондай-ақ трахея мен бронхқа, кеуде қуысының деформацияларына операциялардың кең спектрін жасауға мүмкіндік бар. Бөлімше хирургиялық көмекті МӘМС арқылы және ақылы түрде көрсетеді. Шалғай аймақтар тұрғындары телефон мен  электронды пошта  арқылы мамандардан сырттай  кеңес ала алады. Сондай-ақ, көшпелі консультациялар мен операцияларды ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылған және тегін медициналық көмек ала алады.

Өзгелердің жаңалығы