Алматыда халықтың 23,6% дауыс берді

5 Маусым 2022, 15:27
1407
Бөлісу:
Алматыда халықтың 23,6% дауыс берді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова брифинг барысында сағат 14.00-дегі жағдай бойынша халықтың 23,6%, яғни 265 892 адам дауыс беруге келгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар ол дауысты үйден беру бойынша 2548 өтініш келіп түскенін, дегенмен өтініш қабылдау сағат 12.00 аяқталғанын айтты. Үйден дауыс беруге өтініш бергендердің осы сәтке дейін 1390-ы дауыс беріп үлгерген. Дауыс беру жалғасып жатыр, учаскелік комиссия азаматтардың өтініші бойынша үй-үйді аралап, дауыстарында қабылдап жатыр.

Ең көп өтініш Әуезов ауданынан түсті – 864, ең азы Наурызбай ауданынан болды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар 97 инвотаксидің қызметіуне жүгінген,-деді ол.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде тараған сайлау комиссиясының қолы қойылмаған бюлетендер жайлы мәселеге жауап берді.

Ондай ақпаратты көрдік, Орда сайтында жарияланыпты. Дегенмен қолдың бар, жоғы суреттен айқын көрініп тұрған жоқ. Себебі бір бұрышы куәлікпен жабылып тұр екен. Егер комиссияның қолы болмаса кейін оны санағанда жарамсыз болып табылады. Заң бойынша бюлетендер белгілі бір нысанда, міндетті түрде комиссия мүшесінің қолы болу керек,-деді Ж. Асанова.
 

Өзгелердің жаңалығы