Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр

2 Қыркүйек 2023, 14:47
1067
Бөлісу:
Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда Қала күні қарсаңында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Фестиваль аясында 50-ге жуық киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар құрылды, көшпенділердің жауынгерлік ойындары ұйымдастырылды.

Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр
Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр

 

Араға 4 жыл салып, фестиваль қайта жанданды. Іс-шараға 12 мемлекет қатысып жатыр. Алғашқы қатысушылардың бірі болып Малайзия мемлекеті өтініш берді. Мерекелік шараға келушілердің саны артып жатыр. Фестивалді 10 мыңға жуық адам тамашалады. Биыл тігілген киіз үйлер саны бұрынғы жылдарға қарағанда үш есе артық болды, 40-қа жуық ресторандар тұрғындарға қызмет етіп жатыр. Арнайы қойылымдармен шектеліп қалмадық. Ат үйрету, садақ ату сияқты ойындар ұйымдастырылып, шетелден келген өнерпаздар да өнерлерін көрсетті. Бұл халықты тәнті қылуда. 500-ге жуық өнерпаз өз өнерлерін халыққа паш етті. Алматы қаласының тұрғындарына, қала меймандарына алғыс білдіремін. Қала басшысының қолдауымен өткен іс-шара қызықты өтуде. 

Этнофестивальдің тағы бір ерекшелігі – көп балалы аналардың кәсібін дамытуға жағдай жасалған. Арнайы киіз үйлер тігілген. Фестивальде Әзірбайжан, Түркия, Мажарстан (Венгрия), Малайзия, Башқұртстан, Дағыстан, Чувашия, Алтай, Бурятия, Өзбекстан және Қырғызстан сынды 10 шақты мемлекеттен жиналған ең мықты этномузыканттар мен спортшылар өнер көрсетті.

Біз қазақ халықының қонақжайлығына алғыс білдіреміз. Түрік әлемінің мәдениеті мен ұлттық спортының ерекшеліктері ұсынылып жатыр. Фестивальге 6 адам боп келдік, арамызда 2 спортшы, 3 аспапта ойнайтын өнерпаз бар. Бүгінгі шара өте ұнады. Көңілімізден шықты. Алдағы уақытта бұндай шаралардың қатары көбейеді деген сенімдемін, – дейді Әзірбайжан делегациясының өкілі Мұзадиль Гасанов. 

Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр

Фестивальде шеберлер, ұсталар, жастар аймағы, балалар, құсбегілер мен саятшылар, көшпенділердің тағамдары аймағы деп бөлінді.

Қазақ бір туғандарымызға алғыс білдіргіміз келеді. Фестивальге бірінші рет қатысып жатырмыз. Қырғыз елінен 30-дан астам адам келді. Біз садақ ату сайында бақ сынастық. Қыздарымыз цирк пен садақ атудан өз өнерлерін көрсетті. Алматыда бұндай шара жыл сайын ұйымдастырылып жатыр. Бұл дегеніміз ұлттық спорттың дамуына серпін берері сөзсіз. Алматының ауа райы біздің елге ұқсас екен. Маған бұл шара қатты ұнады, – дейді садақ атудан жаттықтырушы Аслайым Ашырова. 

Қала күніне орайластырылған фестиваль «Алматы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр
Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр
Алматыда халықаралық этнофестиваль өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы