Алматыда халықтың тығыздық картасы жасалды

9 Желтоқсан 2021, 13:31
2216
Бөлісу:
Алматыда халықтың тығыздық картасы жасалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы деректерді бірыңғай сақтаудың жұмыс құралы – IT-жинағышты іске қосқанын мәлімдеді.

Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, сандық карталар деректерді визуализациялаудың ең танымал құралдарының бірі. Еске салсақ, Алматы қаласының бірыңғай деректер базасы мемлекеттік органдарға, коммерциялық компанияларға, сарапшылық қоғамдастықтарға және академиялық институттарға өзара тиімді негізде иесіздендірілген деректермен алмасуға мүмкіндік беретін ашық типтегі IT-платформа ретінде құрылған.

Біз барлық ұйымдардың ЕХД платформасында алмасу үшін жеткілікті деректер көлемі жоқ екенін түсінеміз, сондықтан IT- жинағышты іске қосамыз, сонда барлық тілек білдірушілер қаланың кейбір негізгі деректерін көре алады, – деді Баян Қоңырбаев.

IT- жинағышты іске асырудың алғашқы қадамы халықтың тығыздығы картасы болды. Ол әр түрлі жас санаттары бойынша Алматыда 300-ден 300 метрге дейінгі квадраттарда тіркелген тұрғындардың санын көрсетеді: 16 жасқа дейін, 16-25, 26-35, 36-45, 46-55, 56-65 және 65 жастан асқан.
Әзірлеушілердің айтуынша, карта жасау үшін ресми мемлекеттік статистика қолданылған.

Баян Қоңырбаев атап өткендей, карта түрінде ұсынылған осындай демографиялық мәліметтер – қаланың нақты ауданында мақсатты аудиторияны анықтау бойынша бизнес үшін жақсы демеу. Ешқандай басқа қолданушы немесе жеке деректер пайдаланылмайды. Бұл салалық сарапшылар, зерттеушілер және студенттер үшін жедел талдаудың көрнекі ақпарат көзі. Бизнес бұл үшін пайдалы чиптерді де табады.

Сондай-ақ, ол осы картаның арқасында алматылықтар халық саны бойынша ең қолайлы шағын ауданды таңдай алатынын жеткізді.

Мысалы, сайтта digital-almaty.kz «Алматы қаласының деректері» қойындысында COVID-19 пандемиясына байланысты деректер орналастырылған, қала бойынша адамдардың жиналуы мен көші-қонының жылу карталары бар, ұялы байланыс абоненттерінің 103, 1308 нөмірлеріне белсенділігін көруге болады, – деді Қоңырбаев.

Бірыңғай деректер базасы жобасының менеджері Аида Дәрменова барлық мүдделі айтишниктерге халық тығыздығы картасының негізін құрайтын өз идеяларымен бөлісуді немесе карта деректерін пайдалана отырып, қаланың пайдасына жоба әзірлеуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы