Алматыда газ баллон қоймасы өртке оранды

1 Мамыр 2020, 15:43
1580
Бөлісу:
Алматыда газ баллон қоймасы өртке оранды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жетісу ауданында газ баллон қоймасы өртеніп, бірнеше рет жарылыс болды.

ТЖД мәліметі бойынша, өрт Ратушный көшесі 78 "б" мекенжайында орналасқан LT газ ЖШС-сі аумағында болған.

Бүгін сағат 14:32 кезінде Жетісу ауданында көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер келгенде газ тасымалдайтын көлік өртеніп, жалын газ құю станциясы мен газ баллондар қоймасына жеткен. Салдарынан бірнеше газ баллон жарылып, жақын маңдағы үйлерге қауіп төндірді. Өрт 11 минутта өшіріліп, адам шығыны болмады, - делінген ТЖД таратқан мәліметте. 

Қазіргі уақытта өрт толықтай өшіріліп, жақын маңға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.


Өзгелердің жаңалығы