Алматыда ерекше бақ салынып жатыр

18 Қараша 2022, 08:08
2434
Бөлісу:
Алматыда ерекше бақ салынып жатыр

Алматыда қаланың халықаралық коды – ALA әріптері формасында бақ отырғызылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

ALA жазуы ғарыштан көрініп, Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Әріптер формасындағы бақ әуе кемесі қонуға дайындалғанда борттағыларға көрінетіндей пішінд отырғызылған.

Дүниежүзілік тарихта қалуға тырысамыз. Бұл бірегей орын Гиннестің рекордтар кітабына ең үлкен сөз ретінде кіре алады, - дейді жоба авторы, продюсер Дәуіт Шайхисламов.

Мұндағы 3 гектардан аса алқапқа 2,5 мың екі метрлік арша отырғызылған.

Ағаштар – болашақ ұрпаққа мұра. Олар ондаған жылдар бойы өсіп, жасыл желекті қалыптастырып, ең маңызды адами құндылықтарды бейнелейді. Осы белгі арқылы біз қалаға деген сүйіспеншілігімізді бөлісеміз, - деді Дәуіт Шайхисламов.

Бүгін, 18 қарашада қоғам белсенділері Алматы әкімдігімен бірлесе ALA бағын отырғызуды аяқтайды.

Өзгелердің жаңалығы