Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

15 Маусым 2023, 15:24
1494
Бөлісу:
Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу орталықтары көбейген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Солардың бірі  «АРДИ» балаларды оңалту орталығы. Орталықта емделу тегін, бүгінге дейін мыңдаған бала аяққа тұрып, жағдайлары жақсарған.

Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

Бүгінде «АРДИ» орталығында 800-ден астам бала МӘМС арқылы медициналық оңалтудан өткен. Емдеу барысында ерекше балаларды физикалық реабилитациядан өткізіп қана қоймай, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсеткен.

Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

Ата-аналардан сұрастыра келе, «АРДИ» балаларды оңалту орталығымен таныс болдым. Ең алғаш 2021 жылы, балам 3 жасқа келгенде, осы жерге келдім. Тегін қаралып, емделіп жатырмыз. Дәрігерлер өте мейірімді, алғаш келгенімізде қуана қарсы алды. Балам бастапқыда құлап, аяқтарын көтере беретін, бойында әлсіздігі байқалатын. Қазір сапалы ем мен жүйелі жаттығудың арқасында баламның жағдайы жақсарып келеді. Ата-аналардың білікті мамандардың көмегінің арқасында орталыққа арқалап әкелген балаларын жетектеп, аяғынан тік тұрып кеткен сәттеріне куәгер болдым. Бұл кісілерді нағыз өз ісінің мамандары деп айта аламын. Бастапқыда баламның ауыруын ойлап, стресс алған едім, кейінен мотивация алып, жігерлендім. Дәрігерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді ата-ана Құралай Тажиева.

Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

2004 жылы дербес оңалту орталығы болып құрылған қауымдастық 19 жылдан бері церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды кешенді реабилитациядан өткізіп келеді. Емделіп, аяққа тұрған балалардың ішінде 25-і жалпы білім беретін мектептер мен бала-бақшаларға барған.

Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

Біздің орталыққа тұрғылықты мекенжайындағы емхананың жолдамасымен не болмаса МӘМС арқылы келуге болады. Бұл жерге баланы 1 жастан бастап алып келу керек. Ерте жастан емделіп, қаралғанның арқасында тезірек жазылып, аяққа тұруға мүмкіндік анағұрлым басым болады. Біздің орталыққа баласы 4-5 жасқа келген ата-аналар келеді. Көбі біз білмей қалдық деп өкінішін білдіріп жатады. БАҚ беттерінде орталық жайлы көбірек айтылса, мүмкіндігі шектеулі балалардың оңалып кетуіне себеп болар едік. Біздің мекемеде невролог, педиатр, реабилитолог, психотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы, массажист, ортопед, психолог, эрготерапевт, дефектолог, логопед, әлеуметтік қызметкер сынды мамандар еңбек етеді. Осындай мамандардың жан-жақты көмегімен балаларға да, ата-аналарға да көмек көрсетуге тырысамыз, – дейді орталықтың бас дәрігері Айслу Қожанова.

Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

Орталыққа жыл сайын МӘМС тарапынан қаржы бөлініп, мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

Орталық церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды, сондай-ақ жүйке жүйесі зақымданған кішкентай пациенттерді оңалтудың үшінші кезеңі бойынша қабылдайды. Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар медициналық көмекті тегін пайдаланады және мемлекет тарапынан сақтандырылады. Мысалы, биылғы жылдың 4 айында оңтүстік астанада балаларға 4,5 мыңнан астам реабилитациялық ем-шара жүргізілген. Оған қор тарапынан 915,7 млн теңгеге жуық қаржы төленді. Ал, 2023 жылдың соңына дейін қор тағы да осындай 15 мың ем-шараға 3,2 млрд теңге төлемек, – деді МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі

Еске салайық, орталықта эрготерапия бөлімшесі, монтессори кабинеті, қараңғы және жарық сенсорлық бөлме бар. Кинезиотерапия және механотерапия залдары баланың жүріп-тұру, қасық, қалам сынды ұсақ заттарды ұстау дағдысын қалыптастыруға арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Өзгелердің жаңалығы