Алматының Медеу ауданындағы Радлов көшесінде таңғы сағат 6:30 шамасында «Буран-611» патрульдік экипажы күдік тудырған ер адамды тоқтатып, тексеру жүргізді.
Тексеру кезінде ер адам шалбарының артқы қалтасында сіріңке қорабы бар екенін айтқан. Оның ішінде тыйым салынған затқа ұқсас зат болған.
Ұсталған азамат күзетші болып жұмыс істейтінін және жұмысқа бара жатқанда сіріңке қорабын жерден тауып алғанын айтты. Оның сөзінше, қораптың ішіндегі затты көргенімен, полицияға тапсырмай, өзінде қалдырған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізді. Қазір заттың шығу тегі мен ер адамның оған қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Табылған заттың нақты құрамы мен барлық мән-жай тергеу нәтижесінде белгілі болады.