Алматыда ер адам жалған долларға криптовалюта сатып алмақ болған

27 Желтоқсан 2022, 17:41
800
Бөлісу:
Алматыда ер адам жалған долларға криптовалюта сатып алмақ болған

Алматыда ер адам жалған долларға криптовалюта сатып алмақ болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Ер адам криптовалюта сатып алу кезінде жалған банкноттармен төлем жасамақ болған. 

Біздің бөлімшеге алаяқтық дерегі бойынша жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу криптовалюта сатып алу кезінде оған жалған 100 мың доллар төлемек болған. Іс жүргізу барысында жәбірленушінің интернет арқылы криптовалютаны ірі көлемдегі соммаға сатуға келіскені анықталды. Кездесу жоспарланған болатын, онда сатушы криптоәмианға электронды ақшаны  аударды. Алайда “сатып алушы” криптовалютаны алғанын растамады және оны алдадың деп айыптауға тырысты. Бұл алдын ала ойластырылған алаяқтықтың бөлігі болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Ол А.есімді азамат болып шықты. Белгілі болғандай, ұсталған азамат виртуалды ақшаны сатып алу бойынша өз міндеттемелерін орындағысы келмеген, сондықтан ол кездесуге жалған долларлық купюраларды алып келген, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.  

Аталған дерек бойынша тергеу ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі тіркеді.  Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған заңсыз әрекеттің ықтимал сыбайластарын анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы