Алматыда эпидахуал тұрақты – эпидемиолог

31 Қаңтар 2022, 14:26
1928
Бөлісу:
Алматыда эпидахуал тұрақты – эпидемиолог

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова ӨКҚ алаңында өткен брифингте қаладағы эпидахуал жайлы баяндады.

Оның айтуынша, қалада КВИ індетінің бесінші толқыны өткен аптада өсуін жалғастырған, бірақ 27 қаңтардан бастап тұрақтану үрдісі тіркеліпті.

Бір апта ішінде қайта вакцина алғандар саны 42 мың адамға немесе 36%-ға артты. Бұл халық арасында иммундық қабатты 56,8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік беріп, аурудың тұрақтануына әсер етті. Осы қарқынды жалғастыра отырып, біз тезірек «қызыл» аймақтан шығып, бұрынғы өмір қарқынына орала аламыз. Қаңтар айында КВИ аурушаңдығы алдыңғы аптадан 40%-ға, ал жыл басынан бері 18 есе өсті, – деді Қалықова.

Сонымен қатар ол науқастардың жас  мөлшерін талдау жасап,  20-39 жас аралығындағы адамдардың үлесі 40%-дан 35%-ға дейін төмендегенін, бірақ әлі де ең жоғары болып отырғанын жеткізді. Олардан кейін 40-59 жас аралығындағы адамдар арасында сырқаттанушылық жоғары екен – 26%, 60 жастан асқан адамдар - 22%.

Өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында инфекцияның 5,4%-ға және жасөспірімдер арасында 1%-ға, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар арасында 3%-ға айтарлықтай өсуі тіркелді. 1 жасқа дейінгі балалар арасында, керісінше, 450-ден 438 жағдайға дейін аздап төмендеу байқалады, бірақ барлық балалар арасында олардың үлесі айтарлықтай -22,8%, – дейді Әсел Қалықова.
 

Өзгелердің жаңалығы