Алматыда эпидахуал қайта ушықты

12 Қаңтар 2022, 11:04
1232
Бөлісу:
Алматыда эпидахуал қайта ушықты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы өңірлердідегі эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өтті. Осыдан бір апта бұрын тәулігіне 50-60 адамнан коронавирус анықталса, кеше 210 жағдай тіркелген, оның 187 симптомдық белгімен және 23 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 35 науқас жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны – 149.

Инфекциялық стационарларда (1 348 төсек-орын) жалпы саны 475 адам емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 32 науқас бар. ӨЖЖ – 6, инвазивті емес ӨЖЖ – 15, High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді, – делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 257 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1187, симптомсыз 70 адам бар.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавиурсқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 667 адам, 2-компонетін 1 743 адам салдырған.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының вакцинасын 31 632 адам алған, оның ішінде 1 737 жүкті әйел, 6 396 емізулі аналар және 23 499 балалар мен жасөспірімдер бар. Оған қоса 71 040 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Өзгелердің жаңалығы