Алматыда электр энергиясын үнемдейтін зауыт іске қосылды

23 Қараша 2023, 14:10
505
Бөлісу:
Алматыда электр энергиясын үнемдейтін зауыт іске қосылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында электротехника жабдықтары мен электр энергиясын тарату жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвестициялық жобаны Малайзия компаниясының Орталық Азия өкілдігі саналатын «OISB Kazakhstan» ЖШС атқарды. Аталмыш ұжым 1976 жылдан бастап мұнай–газ және электротехникалық өнімдер нарығында белсенді. Өндіріс жұмыстарында «RAWAK SMART» төмен вольтты жүйесінің инновациялық технологиясы қолданылмақ.

Алматыда электр энергиясын үнемдейтін зауыт іске қосылды

​Жобаны іске асыруға ауданы 0,6 гектар жер учаскесі бөлінді, жобаның жалпы құны – 980 млн теңге. Мұнда 50 адамға жұмыс табылады. Жобаның өндірістік қуатына келсек, кәсіпорын жылына 2 мыңға жуық өнім шығаруға қауқарлы.

​«ПИТ» арнайы экономикалық аймағы Алматы қаласы Медеу ауданында 163 гектар аумақта орналасқан, мемлекет инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның, бірінші кезектегі ғимараттардың, әкімшілік кеңсенің құрылысын жүзеге асырады. «ПИТ» АЭА қатысушыларына салық және кедендік жүктемені төмендету бойынша түрлі жеңілдіктер беріледі.

Алматыда электр энергиясын үнемдейтін зауыт іске қосылды

Бүгінде «ПИТ» АЭА резиденттері 160 компанияға жіктелген, олардың 55-і (Kolesa Group, Azimut Labs, PayBox, жеке Касса және т. б.) «ПИТ» АЭА аумағында орналасқан, қалған 105 компания (Kaspi Cloud, Eltex Alatau, Nero Lab, Asaq, Рrima Group, Almaty Enterprising Company және т. б.) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында «эксаумақтылық» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Алматыда электр энергиясын үнемдейтін зауыт іске қосылды

«ПИТ» құрылған күннен бастап оның қатысушылары 6500-ден аса жұмыс орнын құрса, 50 млрд теңгеден аса инвестиция тартты. Барлығы 493 млрд теңгенің өнімдері өндіріліп, экспорт көлемі 7,46 млрд теңгеге жеткен.

Өзгелердің жаңалығы