Алматыда экстремалды спорт түрін ұнататындар үшін скейт алаңы ашылды

11 Қараша 2020, 13:33
1827
Бөлісу:
Алматыда экстремалды спорт түрін ұнататындар үшін скейт  алаңы ашылды

Алматы, BAQ.KZ.  Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров мәлімдеді. 

Аудан әкімі facebook-тегі парақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында Тренев көшесіндегі учаскеде кешенді абаттандыру жұмыстары  аяқталғанын жазды.

Жоба бойынша балалар және спорт алаңдары, воркаут, футбол және баскетбол алаңдары жайластырылған, жаңа Мафтар мен көшені жарықтандыру тіректері орнатылған, ал экстремалды спорт түрлерін ұнататындар үшін скейт алаңымен  жабдықталған,- деп жазды ол.
Сонымен қатар Басқарасу өзенінің арнасы аумағына абаттандыру жүргізілген, онда жаңа асфальт-бетон жабыны төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Оған қоса жарықтандыру жүргізіліп, жас ағаштар отырғызылыпты.

скейт1.jpeg

Осы учаскеде жеке сектордың халқы шамамен 8000 адамды құрайтындықтан, бос уақыттын өткізетін орынды жаңарту және жаңғырту қажет болды. Бүгінде аудан тұрғындары жаңартылған алаңдарды белсенді пайдалануда,-деп жазды Ақжаров.

Өзгелердің жаңалығы