Алматыда екі адам кене шаққаннан кейін қауіпті ми ауруын жұқтырған

Кене энцефалиті – кене шаққан кезде жұғатын қауіпті вирустық ауру.

Кеше 2026, 12:23
АВТОР
 shutterstock.com Кеше 2026, 12:23
Кеше 2026, 12:23
387
Фото: shutterstock.com

Алматыда биыл кене шаққаннан кейін екі адам кене арқылы тарайтын ми ауруын жұқтырған. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы қаласының маңы кенелер көп таралған эндемиялық аймаққа жатады. Мұнда иксод кенелері кездеседі және олар кене энцефалиті мен кене боррелиозы сияқты қауіпті инфекцияларды таратады.

Қалада екі адамнан кене энцефалиті анықталған

Әсел Қалықованың сөзінше, қазіргі уақытта Алматыда кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелген.

Бүгінгі таңда қала бойынша кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелді. Барлық науқас қажетті ем қабылдап жатыр. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, - деді ол.

Айта кетейік, кене энцефалиті - кене шаққан кезде жұғатын қауіпті вирустық ауру. Ол адамның миы мен жүйке жүйесін зақымдап, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік сияқты белгілер тудырады. Ауыр жағдайда сал ауруына немесе басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін.

Кене шағу деректері биыл ерте тіркелген

Маманның айтуынша, биыл кене шағу жағдайлары өткен жылдармен салыстырғанда ертерек басталған. Алғашқы жағдайлар наурыз айының басында тіркелген.

Ол мұны күннің ерте жылынуымен және кенелердің белсенділігінің ерте басталуымен байланыстырды.

Алматыда 2000-нан астам адам дәрігерге жүгінген

Департамент мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін Алматыдағы медициналық мекемелерге кене шағуына байланысты 2000-нан астам адам жүгінген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға көп.

Кене шаққан адамдардың 45 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар.

Әсел Қалықова барлық тұрғынға дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенін айтты. Қажет болған жағдайда адамдарға кенеге қарсы иммуноглобулин егілген.

Алматыда кенеге қарсы өңдеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Қалада кенеге қарсы екі кезеңнен тұратын арнайы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезең 26 наурыз бен 30 сәуір аралығында өткен. Осы уақыт ішінде 2366 гектар аумақ өңделген.

Маманның айтуынша, жұмыстар кене энцефалитінің табиғи ошақтарында, яғни орман алқаптарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын саябақтар мен скверлерде жүргізілген.

Екінші кезең 6 мамырда басталған. Қазіргі уақытта 661 гектар жер өңделіп, жоспарланған аумақтың 28 пайызы қамтылған.

Қалықованың сөзінше, Алатау, Алмалы және Әуезов аудандарында өңдеу жұмыстары толық аяқталған. Қалған аудандарда жұмыстар жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Астанада кене шақса, қайда қаралу керек?

Қарағанды парктерінен 5 мыңнан аса кене анықталды

Наверх