Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

6 Сәуір 2023, 22:15
942
Бөлісу:
Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді
Фото: sports.kz

Алматы қаласында 7-9 сәуір күндері дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жарыста жасөспірімдер (2006-2007) мен жастар (2003-2005) бәсекеге түседі.

IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингіге ұпай қосылады. Жарыс жеңімпазына - 100, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі.

Азия кубогы биыл алтыншы рет ұйымдастырылады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түрікменстан, Грекия, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Бекет Сапабекұлы Махмұтов 2009-2012 жылдары аралығында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болды. Сондай-ақ Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы