Алматыда «Дуаны қайтарамыз» деп елді сан соқтырып келген алаяқтар ұсталды

16 Наурыз 2021, 19:35
1806
Бөлісу:
Алматыда «Дуаны қайтарамыз» деп елді сан соқтырып келген алаяқтар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының екі тұрғыны өз құрбандарын қала ауруханаларының бірінде кездестірген. Бұл туралы Алматы қаласы ПД хабарлады.

1990 және 1995 жылы туған екі әйел зейнеткерді алдап соққан. Олар ауруханаға кіреберісте егде жастағы әйелді күтіп тұрған, содан кейін оның сеніміне кіріп, салдарынан алдап соғып, оның ақшасы мен бағалы бұйымдарын иемденген. 

Алаяқтар әжейге оның ақшасы мен алтын бұйымдары дуаланғанын және дуаны алып тастауға көмектесетіндерін айтқан. Дуаны жою үшін қолда бар ақша мен алтын бұйымдарын оларға беру керек екендігіне сендірген. Дуадан қорыққан 72 жастағы әйел алаяқтарға 1 млн 885 мың теңгені және зергерлік бұйымдарын берген. Тергеу барысында олардың алтын бұйымдарды 270 мың теңгеге сатқаны және қылмыстық жолмен табылған ақшаны өзара теңдей бөлгені анықталды. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар өз кінәларын толығымен мойындады, – дейді Бостандық аудандық ПБ жанындағы ПБ бастығы Абзал Ибраев.

Алматыда «Дуаны қайтарамыз» деп елді сан соқтырып келген алаяқтар ұсталды

Сонымен қатар полиция қызметкерлері осы әйелдердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 298-52-80, 298-52-81 және 298-52-82.

Алматыда «Дуаны қайтарамыз» деп елді сан соқтырып келген алаяқтар ұсталды

Өзгелердің жаңалығы