Алматыда Digital Almaty форумы басталды

2 Ақпан 2023, 11:05
1557
Бөлісу:
Алматыда Digital Almaty форумы басталды
Фото: ТАСС

Алматыда «Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты V мерейтойлы халықаралық цифрлық форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сөз сөйледі. 

Алматы – Қазақстанның IT-индустрия астанасы. IT-компаниялардың көп бөлігі осында орналасқан.Бүгін біз нарықтағы жағдайларды, болашақ пен жоспарлар туралы, бәрінен бұрын адамдар туралы, яғни әлемдік трендтерді жасайтын, нарықты дамытатын қазақстандықтар туралы айтамыз. IT саласы көптеген міндетті шешуге көмектеседі және өмірге барынша ыңғайлы жағдайлар жасайды. Сол себепті біз экономика немесе жалпы процессте цифрлық трансформациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп қана қоймай, бизнес процесстерде және азаматтардың өмірінң барлық кезеңінде реинжинирингтің маңызды екенін түсініп, қазір соған сәйкес жұмыс істеп жатырмыз, – деді Бағдат Мусин.

Министр Invisible Government жүйесін құру үшін халықтың өміріндегі маңызды өмірлік жағдайлар қайта қаралатынын айтты. Оның айтуынша, қазақстандықтарға мемлекетпен байланыс жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мұны онлайн, eGov мобильді қосымшасы арқылы жасай алады.

Қазақстанда 10 мыңнан астап IT-компания бар және бұл салада 150 мың адам жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы