Алматыда цифрландыруды дамытудың басым бағыттары туралы айтылды

6 Ақпан 2021, 12:51
1740
Бөлісу:
Алматыда цифрландыруды дамытудың басым бағыттары туралы айтылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өткен жылғы цифрлық жобаларды іске асыру және цифрландыру сапасын дамыту туралы Алматы ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг барысында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтып берді.

Айта кетейік, 2020 жылғы жұмыс қорытындысы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен ІТ-кеңесте жасалды.

2020 жылы міндеттердің бір бөлігі білім беру және спорт салаларындағы IT-шешімдерді отандық жеткізушілерді іздеуге, сондай-ақ тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласын автоматтандыруға деген қажеттілікті анықтауға бағытталды, - деп атап өтті Баян Қоңырбаев.

ІТ-Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Алматы әкімі мен ЦДИАӨМ басшысы «Зерде» холдингімен бірлесіп әзірленген Алматының АТ-архитектурасын қалыптастырудың мақсатты жоспарына қол қойды.

Нысаналы жоспарға сәйкес білім беру саласы үшін 25 отандық IT-компания, 17 білім беру платформасы және жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің 8 жеткізушісі анықталды. Спорт саласында-спорттың міндеттеріне қарай бейімдеуге болатын 9 отандық IT-компания және 6 білім беру платформасы бар. ТКШ саласында коммуналдық қызметтерді барлық жеткізушілер бойынша электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу және басқа ведомстволардың тиісті дерекқорларымен интеграциялау арқылы тұрғын үй иелері бойынша деректерді өзектендіру қажеттілігі анықталды, - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша оффлайн режимде көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін цифрландыру жоспарлануда. 2021-2023 жылдары тұрғындардан «барлық сауалдар бәріне көрінеді» қағидаты бойынша ашық сұрауларды жинау және өңдеу бойынша жобаны жаңғырту көзделген, оның ішінде сұраудың тарихы мен мәртебесі, жауап және жауапты қызметкердің ЭЦҚ-сы да бар. 

«Ақылды қаланың» орташа мерзімді бастамалары «ақылды» есептеуіштермен қамтуды ұлғайтуды, коммуналдық желілердің энергия тиімділігін басқару жөніндегі зияткерлік жүйені енгізуді, Алматы қаласында «цифрлық нұсқасын» құруды көздейді.

Сондай-ақ, цифрлық трансформация процестеріне халық пен бизнесті тарту деңгейін арттыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, Алматының IT-секторына тікелей инвестициялар тарту, бизнес клубтарын дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қаралды.



Өзгелердің жаңалығы